"Астана" халықаралық қаржы орталығы Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті Branch of Asyl Tukymdy Sharuashylyk Ordabasy Sut Onymdery LLP of the AIFC компаниясы АХҚО юрисдикциясында тіркелгенін және оның лицензиясы бар екені туралы өтірік айтып қана қоймай, басқа заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірін рұқсатынсыз пайдаланып жүргенін хабарлайды.

Компания бұнымен қоймай, Agroculture қызметтерін ұсынуға тіркелгенін және оған лицензиясы бар екенін өтірік мәлімдеуде.

Осы келеңсіз жағдайға байланысты АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті төмендегідей хабарлайды:

  • "Branch of Asyl Tukymdy Sharuashylyk Ordabasy Sut Onymdery LLP of the AIFC" компаниясы АХҚО-да тіркелмеген, яғни ол АХҚО қатысушы емес және оның AFSA лицензиясы жоқ;
  • Жалған құжатта көрсетілген БСН нөмірі шынында ол компанияға тиісті емес.

"Астана" халықаралық қаржы орталығы Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті жоғарыда аталған компанияның хабарламаларына жауап бермеуге және ешқандай жағдайда олармен келісімшарт жасаспауға, олармен байланысты ақшалық төлемдерді жасамауға, қаражат жібермеуге шақырады.


Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады?


"Астана" халықаралық қаржы орталығы Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті тұтынушыларға қаржылық қызметтерді ұсынуға тиісті өкілеттіктері бар және тиісті дәрежеде реттелетін АХҚО компанияларымен ғана жұмыс істеуге кеңес береді. АХҚО юрисдикциясы бизнесті жүргізу үшін тартымды, сондықтан тұтынушыларға АХҚО лицензиаттары мен қатысушыларының мәртебесін "Астана" халықаралық қаржы орталығы Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті сайтында тексеріп тұруға болады.