Медицина ұйымдарының шарт міндеттемелері шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсетуден бас тартуына құқығы жоқ, деп хабарлады медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

Науқасқа медициналық қызметтерге ақы төлеуді кешіктіруі себебінен көмек көрсетуден бас тартса, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы немесе fms.kz ресми сайты арқылы медициналық сақтандыру қорына жүгінуге болады. 

"Қор бюджетте көрсетілген мөлшерден артық соманы төлей алмайды. Ұйымдар тарапынан қосып жазу фактілері мен басқа да бұрмалау әрекеттері көбейген жайдайда тексерулер жүргізілуге тиіс. Төлемді төлеу және жоспардан тыс мониторинг жүргізу бастамасын қарау үшін медицина ұйымдары мониторинг жүргізу қағидаларының 50-тармағына (ҚР ДСМ № 321 бұйрығы) сәйкес қорға жүгінуі қажет", – делінген ақпаратта.