Қытай қазақтарына белгілі диктор Мұратбек Тесебаев 83 жасында дүниеден озды, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Мұратбек Тесебайұлы

Мұратбек Тесебайұлы 1939 жылы 15 желтоқсанда Қытайдың Алтай аймағы Жеменей ауданында дүниеге келген. Ол еңбек жолының 58 жылын радиоға арнаған, эфирден толығымен 50 роман оқыған ардагер журналист, диктор.

Мұратбек Тесебаев – шетелдегі қазақ журналистикасының дамуына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист.