ІІМ академияларына 800 курсант қабылданды
Конкурстан тыс оқуға түскендердің арасында қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерінің үш баласы бар.Бұл туралы 24.kz жазды.
"Биыл 800 орын бөлінген болатын. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1500 талапкер қатысты. Конкурстан тыс оқуға түскендердің арасында 14 "Алтын белгі" иегері мен ҰБТ-да 100-ден астам балл жинаған 25 талапкер және қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерінің үш баласы бар", – делінген ақпаратта.
Оқи отырыңыз: Курсант әскери оқу орнын аяқтамаса, әскерге шақырыла ма?
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, білім беру бағдарламасының тізбесі биыл кеңейтілді. Енді оқыту процесі жедел-іздестіру, әкімшілік-құқықтық, ІТ-криминалистикалық қамтамасыз ету, киберқауіпсіздік сияқты бағыттар бойынша жүргізіледі.
"Емтихан кезіндегі адалдық өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бүкіл шаралардың барлығы тікелей эфирде, бізде комиссия мүшесі ретінде көптеген қоғам белсенділері де, бұл салаға қатысы жоқ басқа сырттан адамдар да шақырылған", – деді комиссия мүшесі Айдос Жұманазар.