Астанада Бөгенбай батыр даңғылының бойымен көліктер жиі жүретін қиылысты ішінара жөндеуге жауып тастайды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Бөгенбай батыр даңғылы мен Сарыарқа даңғылының қиылысында жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты 19-21 маусым аралығында жоғарыда аталған қиылыс ішінара жабылады. Бірақ жолдың бір жағымен көлік козғалысы ашық болады", – делінген хабарламада.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.