Қазақстандағы су тасқынына байланысты шетелдік гуманитарлық көмектерден бөлек, әлемнің түрлі елінде тұратын отандастар да қолдау білдіріп, көмек көрсету үшін жылу жинап жатыр. 

"Отандастар" қорының мәліметінше, "Еліме көмек" акциясына қазірдің өзінде АҚШ, Германия, Ресей, Оңтүстік Корея, Ұлыбританиядағы отандастар үн қосқан. 

АҚШ. Американың Чикаго штатындағы қазақ орталығы GoFundMe жылу жинау науқанын бастаған. Бұл арқылы жиналған қаражат түгелдей Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін аударылады. Сондай-ақ, Пенсильваниядағы қазақтар қауымдастығы да гуманитарлық көмек ұйымдастыруды қолға алды. 

Оңтүстік Корея. Бұл елдегі қазақтар қауымдастығы Қазақстанның Пусан қаласындағы бас консулдығымен бірігіп, гуманитарлық көмек ұйымдастыру шараларын қолға алған. 

Ұлыбританияда да гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жылу жинау науқаны басталды. 

Ресей. Көрші елдің Астрахань және Омбы қалаларында Қазақстанға көмек қолын созу үшін гуманитарлық көмек жиналып, Қазақстанға жолданған. Бұл шараға осы елдегі қазақтар мұрындық болған. 

Германия. Кельн Қазақ мәдениет орталығы Қазақстанға көмек көрсету үшін әлеуметтік желілер арқылы қаржы жинау науқанын өткізіп жатыр. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда гуманитарлық көмек қабылдау және бөлу тәртібі жеңілдейді