Кәсіпкер Ержан Жабаев осыдан екі жыл бұрын "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорынан қолдау алып, өз кәсібін бастаған. Бұл туралы pavlodarnews.kz жазды.

Бұған дейін ол көршілес Ресей Федерациясынан құбырларды алып сатумен, жеткізумен айналысқан. Сұраныс көбейе бастағанын байқаған соң өзінің жеке кәсібін ашуды ұйғарған. Бүгінгі таңда кәсіпорын облыстағы ірі құбыр дайындайтын цехтардың біріне айналған.

"Екібастұздағы жағдайдан кейін тапсырыс көбейе бастады. Мәселен, өткен жылы 1-5 миллион теңгелік жобалар түссе, бүгінгі таңда олар 50 есеге өсті деп айта аламын. Осы кәсіпті дамытуыма көмек беріп, қолдау көрсеткен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына алғыс білдіргім келеді", – деді Salling Plast Qazaqstan ЖШС басшысы Ержан Жабаев. 

Айта кету керек, 2023 жылы кәсіпорын «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде айналымдыларды толықтыруға несие алды. Бағдарлама бойынша мөлшерлеме 21,75% құрады. Кәсіпкер 8% төлейді, ал 13,75%-ы – мемлекеттік субсидиялар. «Даму» қорының кепілдік мөлшері 172,5 миллион теңгені құрады.


Оқи отырыңыз: "Тағы қайталана ма деп қорқамыз". Өткен қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан көшіп жатыр.