Қазақстанда босқындарға үш ай мерзімге ел аумағында емін-еркін жүруге рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Енді пана іздеп келгендер мен олардың жанұялары өтініш хат арқылы уақытша тұруға мүмкіндік алады. Сонымен қоса, Ішкі істер министрлігінің "Босқындар туралы" заңнамаға енгізген өзгертулерінде, Қазақстанда адам саудасының құрбаны болып танылғандарға ел аумағында жарты жылға қалуға рұқсат беру көзделіп отыр.

"Бірақ, бұл өзгертулер мен толықтырулар әлі күшіне енген жоқ. Екінші тамызға дейін ашық үкімет порталында талқыланады", – делінген арна хабарламасында.


Оқи отырыңыз: "Жоқ мемлекеттің азаматтары". Кеңестік құжатпен жүргендер Қазақстан азаматтығын қалай алады?