Қазақстан қор биржасындағы 30 қаңтардағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 448,17 теңге болды.

Бір тәулікте доллар бағамы 1,67 теңгеге, бір айда 8,85 теңгеге арзандады. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында долларды 448-449 теңгеден сатып алып, 449,5-450 теңгеден сатуда.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің бағасы барреліне 82,5 долларды құрайды.


Оқи отырыңыз: Жетісу облысы көш бастап тұр: Қазақстанда әуе жолаушылар тасымалы 11% қымбаттады