Ауыл шаруашылығы министрлігі: Қазақстанда 22,7 миллион тоннадан астам астық дайындалды
Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 15 млн га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды.Орташа өнімдігі 15 ц/га болғанда 22,7 миллион тоннадан астам астық бастырылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Осылайша, бидай 12,1 млн га алқапта жиналды. Өнімділігі 14,3 ц/га кезінде 17,3 млн тонна бастырылды. Арпа - 2 млн га, өнімділігі 17,1 ц/га кезінде 3,4 млн тонна бастырылды. Сұлы – 166,7 мың га, өнімділігі 16 ц/га кезінде 266,4 мың тонна бастырылды.
"Биыл майлы дақылдар 748,1 мың га алқаптан жиналды, орташа түсімділігі 11,3 ц/га 842,3 мың тонна бастырылды. 108,4 мың га алқаптан өнімділігі 232,7 ц/га болған кезде 2,5 млн тоннаға жуық картоп жиналды. Көкөніс дақылдары 105,3 мың га жиналды. Өнімділігі 259,3 ц/га болған кезде 2,7 млн тоннадан астам жиналды", – делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, бақша дақылдары 97,8 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 264,5 ц/га, жалпы түсімі 2,5 млн тоннадан асты. Жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинау комбайны, 14,9 мың дестелегіш және 195 мың бірлік тартылған.