Атырау облысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 51 қызметкері мен орта білім беру ұйымдарының 30 қызметкері жалған дипломмен жұмыс істеген. Бұл туралы Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады. 

Cонымен қатар, кейбір мектеп басшыларының үстеме жалақы алуы, бір адамның бірнеше мекемеде заңсыз жұмыс істеуі анықталған.


Оқи отырыңыз: Мектепке жұмысқа тұру үшін енді дипломға қоса біліктілік сертификаты талап етіледі


 

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу барысында Департаментпен көптеген сыбайлас жемқорлық істері анықталды. Мысалы, мектептерде "өлі жандардың" болуы, қызметкерлер мен оқушылар саны бірдей мектептерді әртүрлі қаржыландыру, бір адамның бір уақытта 4-5 мекемеде жұмыс істеуі, кейбір білім беру ұйымдарының басшылары лауазымдық жалақыларынан басқа үстеме жалақы алып отыруы және т.б.",– деді Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов.

Аталған заңсыз әрекеттерді жою үшін облыстық білім басқармасына Департамент әзірлеген 26 ұсыныс жолданған.


Оқи отырыңыз: Саясат Нұрбек: Диплом таратумен айналысатын университеттер жабылады


Басқарма өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта облыстың Антикор қызметі осы бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Алайда өзекті мәселелерді неғұрлым тиімді және жедел шешу үшін азаматтық қоғамның белсенді қатысуы қажет екенін айтты.