Астанадағы Сарайшық көшесіне Жұмабек Тәшеновтың атын беру ұсынылды
Астана мәслихаты алтыншы ауданды Сарайшық деп атауды мақұлдады.Мәслихат депутаты Бауыржан Смаилов сол жағалаудағы Сарайшық көшесінің атауын Жұмабек Тәшенов деп ауыстыруды ұсынды.
"Бұған дейін де Алматы ауданы құрылды, Алматы көшесі болды, Сарыарқа ауданы мен Сарыарқа даңғылы бар. Өзге өңірлерде де қайталанатын атаулар бар. Сондықтан көше атын ауыстыру — күн тәртібінде тұрған жоқ. Сарайшықтың саяси-идеялық маңыздылығын ескере отырып, жаңа аудан атауы ретінде таңдадық. Ономастика заңдылығы бойынша кісі есімі елді мекенге, ауданға, қалаға берілмейді", – деді Астана тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.
Оқи отырыңыз: Жол жөндеу жұмысы: Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысы 2 апта жабық болады
Оның айтуынша, Астанада Ж. Тәшенов атындағы көше мен мектеп сонымен қатар мектепте музей мен ескерткіші ашылған.
Ал депутат бір қалаға Сарайшық атауы көбейіп кеткенін, сондықтан қазіргі Сарайшық көшесін Тәшенов есіміне ауыстыру бастамасын көтерді.