Астана қаласы Табиғи ресурстар басқармасының басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Шенеуніктің қандай күдікке ілінгені әзірге айтылмады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана әкімдігінің құрылымдық басқармаларының бірінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Айыпталушы – қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева.
"Тергеу шаралары жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды", – деді Антикор.
Әлия Қожабаева басқарманы 2020 жылдың ақпан айынан бастап басқарып келеді. Оған дейін басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарған.