Алматының екі ауданында суық су өшіріледі
Тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға су жеткізуге уақытша шектеулер енгізіледі.Алматыда технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты Әуезов және Алмалы аудандарында су өшіріледі, деп хабарлайды "Алматы су".
8 қазанда сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін Әуезов ауданында Фурката көшесі – Райымбек даңғылы төңірегінде орналасқан, Үлкен Алматы – Төле би көшесі, Тастақ — 1 шағын ауданы, No 1-10 тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарды сумен қамтуға шектеу енгізіледі;
10 қазан сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін – Алмалы ауданындағы Төле би – Тілендиев – Құлымбетова – Волховская, Төле би көшесіндегі No 278,280, 282, 284 тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға су жеткізуге уақытша шектеулер енгізілді.
"Жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталған қала секторларында суық сумен жабдықтауға уақытша шектеулер енгізу қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.