Алматыдағы теміржол ауруханасының ғимаратында балаларды оңалту орталығы ашылады
Тұрғын аурухана ғимаратының әкімдік меншігіне өткелі қаңырап бос қалғанын айтты.Алматының бұрынғы теміржол ауруханасының ғимаратында балаларды оңалту орталығы ашылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты.
Алмалы ауданының тұрғыны теміржол ауруханасы туралы сұрақ қойды.
"Аурухана қаланың меншігіне өткен сәттен бастап қаңырап бос қалды, терезелері мен есіктері сынған. Алмалы әкімдігі өз ауданының жиналысында оңалту орталығы болатынын айтқан еді. Бірақ әзірге жұмыстар қолға алынған жоқ. Алматылықтар үшін қаншалықты маңызды ғимарат екенін ескерсек, оны ретке келтіру маңызды", – деді қала тұрғыны.
Бұл сауалға шаһар басшысы келер жылы тарихи ғимараттың орнында балаларды оңалту орталығы ашылатынын айтты. Ол үшін қазынадан қаржы бөлінген.
"Әрине тарихи ғимаратқа ерекше назар аударамыз. Жобаны келісу, оны "Қазреставрациямен" қалпына келтіру белгілі бір уақытты алды. Ол біздің жобамызды мақұлдады және бүгінде жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Келесі жылы жұмыс істей бастаймыз. Жобаға ақша бөлінген. Онда қалалық балаларды оңалту орталығы ашылады. Бұл тек қалалық аурухананың аурасын сақтау үшін емес, ең алдымен, бізде қала орталығында балаларға арналған осындай орын пайда болады. Барлық жұмыс Алматы қаласының даму жоспарына сәйкес жүргізіледі", – деді Ерболат Досаев.
Оқи отырыңыз: Досаев: Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға арнайы квота бөлінеді
Сондай-ақ ол ғимараттың тарихи келбетін қалпына келтіріп, орталықтың ішінде балаларға қолайлы жағдай жасалатынын айтты.