2020 жылы елімізде Ordagen атты балаларға арналған ертегілер жобасы қолға алынды. Жоба жетекшісі Парасат Танен осы уақытқа дейін порталда 600-ден астам ертегі жарияланып, 33-і кітап болып басылғанын айтты. Ал Ordagen мобильді қосымшасын 75 мыңға жуық адам жүктеген.

"Тәуелсіздік жылдарынан бері бала санасын жаңғыртуға бағытталған әлеуметтік-танымдық жоба жоқтың қасы. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Ordagen жобасын жарыққа шығардық. Бүгінгі күнге дейін жоба аясында мыңға жуық заманауи ертегілер жаздық. Әр ертегінің аудионұсқасы қосылған Ordagen мобильді қосымшасын бүлдіршіндерге пайдалануға тегін бердік. Сондай-ақ, авторлық бес түрлі кітабымыз жарыққа шықты", – деді жоба жетекшісі Парасат Танен.

Еске салсақ, Шымкентте мектеп оқушыларының оқу кестесіне көшбасшылық бойынша факультативтер енгізілгені туралы хабарлаған едік. 5 жыл ішінде еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде жобаны одан әрі кеңейту жоспарланып отыр.