Алматы қаласы Жетісу ауданындағы cолтүстік айналма көшесінің бойына тұрғындар үшін жас ағаштар отырғызылған болатын. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

"Қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Күдіктілер бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 28 жастағы қала тұрғыны мен Жетісу облысының 30 жастағы азаматы болып шықты. Олар заңсыз әрекеттер жасағанын мойындады. Қылмыстың себебі тергеу барысында анықталатын болады", – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 340-бабы 3-бөлігі (Ағаштарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша тергеу жалғасып жатыр. Сондай-ақ, полиция бұзақылар келтірген шығынды өтеу шаралары қолданылатынын айтты.


Оқи отырыңыз: Қоғамдық орындарда былапыт сөйлегендерге жаза қатаңдайды