Алматыда №52 және №24 бағыттар бойынша автобустар жаңарып, жылжымалы бірлік саны артты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мегаполисте №52 бағыттағы орташа дизельді автобустарды сыйымдылығы жоғары газбен жүретін автобустар алмастырды.

Сонымен қатар қоғамдық көліктегі жолаушылар тасымалына жоспарлы шығуы жұмыс күндері 16-дан 25 бірлікке дейін, демалыс күндері 14-тен 20 бірлікке дейін ұлғайтылды. Соның нәтижесінде жоспарлы аралық жұмыс күндері 11-ден 9 минутқа дейін және демалыс күндері 14-тен 11 минутқа дейін қысқарды.

"Сонымен қатар қала тұрғындарының өтініші бойынша №24 маршрутқа "Yutong" маркалы сыйымдылығы жоғары автобустар шығарылды. "Өжет шағынауданы - Солтүстік" – "Экобекет" қатынасындағы маршруттағы жылжымалы құрамның саны 12 бірлік, жоспарлы қозғалыс аралығы 15 минут", – делінген хабарламада.