6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу күні болып белгіленді
Мемлекет басшылары Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім шығарды.Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында мемлекет басшылары бірқатар құжатқа қол қойды. Соның ішінде 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу күні болып бекітілді.
Қол қойылған құжаттар тізімі:
- Астана Актісі;
- Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;
- Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
- Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
- Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;
- Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
- Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;
- 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;
- Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;
- "Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені" әзірлеу туралы шешім;
- Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
- Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Мемлекеттердің мәселені зорлық-зомбылық, лаңкестік арқылы шешуі мүлдем дұрыс емес