Сейсмолог: Соңғы жылдардағы жер сілкіністері алда қуатты зілзала болуы мүмкін екенін білдіреді
"Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС директорының орынбасары Жандос Марат күнделікті болып жатқан әлсіз жер сілкіністердің ірі зілзаланың алдын алмайтынын айтады. Сейсмологтың зерттеуінше, бұл керісінше сол аймақтың сейсмикалық белсенділігі аса жоғары екенін білдіреді. Ал Алматы қаласында және маңайында қатты жер сілкінісінің туындау қаупі әрқашан болады. Біздің аймақтағы сейсмикалық процестер мыңдаған жылға созылады. Осы орайда сейсмолог Жандос Марат Алматы қаласының ірі жер сілкінісіне дайындығы, көп қабатты ғимараттардың шыдамдылығы және апат болған жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы айтып берді.
Алматыда ірі зілзаланың болуы ықтималдығы жоғары
– Соңғы 10 жылда болған жер сілкіністерінің себептері қандай? Осы себептермен жұмыс жасалды ма?
– Алматыдағы ғимараттар қанша балдық жер сілкінісіне шыдап бере алады?
– Алматы қаласы аумағының есептік сейсмикалылығы – MSK-64 (К) инженерлік шкаласы бойынша – 9 балл. Қалада ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу 9 балдық әсерді ескере отырып жүргізіледі. Бірақ топырағы әлсіз учаскелерде (Райымбек даңғылынан төмен және тау бөктеріндегі сөрелерде) есептік сейсмикалық 10 балға дейін артады.
Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап көп қабатты тұрғын үйлердің, өндірістік және қоғамдық ғимараттардың құрылысы негізінен жоғарыда аталған балды ескере отырып жүргізілді. Жеке тұрғын үйлердің құрылысшыларына белгілі бір құрылыс учаскесіне тән сейсмикалық әсер ету деңгейін ескере отырып сәулет жобалары бойынша құрылыс жүргізу ұсынылды. Жеке құрылыс салушыларға (өз үйлерін мұндай жобаларсыз салған) сәулет басқармалары мен бөлімдері, ТЖ органдары олардың жер сілкінісіне төзімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берді. Арнайы буклеттер мен жадынамалар шығарды. Қазіргі уақытта қала ғимараттарын жер сілкінісіне төзімділікке (сейсмоаудит) паспорттау жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша белгілі бір дәлдікпен жер сілкінісіне төзімді және жер сілкінісіне төзімді емес ғимараттардың саны мен орналасқан жері белгіленеді. Бұл деректер Алматы қаласын салудың бас жоспарлауын жасау кезінде, белгілі бір ғимараттарды бұзу туралы шешім қабылдау кезінде ескерілетін болады. Көптеген жылдар бойы қалада балабақша, мектеп пен ауруханалардың ғимараттары сейсмикаға қарсы күшейтілді. Қазір бұл бағдарлама іс жүзінде орындалды.
Оқи отырыңыз: Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі Қазақстанға қарай жылжи ма? Сейсмологпен сұхбат
Жер сілкінісін дәл болжу мәселесі жақын аралықта шешілмейді
– Қала жер сілкінісіне қалай дайындалып жатыр және осыған қатысты қандай кеңес бересіз? Сейсмикалық қауіпті төмендету жолдары қандай?
– Қалада құрылыс сапасына, құрылыс салушылардың жер сілкінісіне төзімділік талаптарын сақтауына тұрақты бақылау жүргізіледі. Ірі ғимараттар мен құрылыстардың барлық жобасы міндетті құрылыс сараптамасынан өтеді. Тозығы жеткен, авариялық және сейсмикалық қауіпті объектілерді олардың орнында заманауи сейсмикалық төзімді ғимараттар салумен жоспарлы түрде бұзу жүргізіледі. Жеке үйлерін салуға ниет білдірген қала тұрғындарына лицензияланған жобалау ұйымдары құрған сәулет жобалалары бойынша құрылыс жүргізуді ұсынамыз. Олар сіздің болашақ үйіңіздің астындағы топырақтың сапасын зерттейді, оның жер сілкінісіне төзімділігін қамтамасыз ету үшін негізделген, үнемді сындарлы шешімдер береді.
Алматы қаласында және маңайында қатты жер сілкінісінің туындау қаупі әрқашан болады. Біздің аймақтағы сейсмикалық процестер мыңдаған жылдарға созылады. Қазір олар белсенді фазада. Жер сілкінісіне төзімді, берік ғимарттар мен құрылыстар салудың басқа жолы жоқ! Егер сіз бірінші қабаттан жоғары тұрсаңыз, жер сілкінісінен аман қалу мүмкіндігін арттыру үшін пәтеріңіздегі ең қауіпсіз орынды алдын ала біліп, сейсмикалық дүмпулер кезінде сонда тұруды ұсынамыз. Бұл орынды сізге жергілікті ТЖ бөлімдерінің қызметкерлері немесе құрылыс саласындағы сарапшы мамандар анықтауға көмектеседі. Әдетте сіздің пәтеріңіздегі бұл орын оған кіретін есіктің жанында орналасқан. Бұл аймақта кіреберістің берік жүк көтергіш қабырғалары немесе арқалықтары қиылысады, ғимаратың жүк көтергіш бағандарының жиі торы бар.
Пәтердің сыртқы қабырғалары мен терезелерінен аулақ болыңыз! Тербелістердің аяқталуын күтіңіз, содан кейін ғимараттан тез кетіңіз. Жеделсатыны пайдаланбаңыз! Ол бір орында тұрып қалып, адам ішінен шыға алмай қалуы мүмкін. Көшеге шыққан соң ғимараттан қауіпсіз қашықтыққа шығып, төтенше жағдайлар органдары мен қала полициясының нұсқауларын орындаңыз. Жоғарыда айтылғандардың барлығы туралы нақты және егжей-тегжейлі ақпарат сізге қаланың төтенше жағдайлар қызметтерінде беріледі.
– Сейсмологтар жер сілкінісі болатынын қанша уақыт бұрын біле алады? Қандай техникаларды қолданасыздар?
– Кейінгі ондаған жылдарда бұл салада белгілі болған жетістіктерге қарамастан, алдын ала болжау жақын арада шешіледі деп айту өте қиын. Мәселенің күрделілігі, біріншіден, жер сілкініс ошағының көзден тыс, жер қойнауында орналасуымен, оның тереңдігі ондаған, тіпті жүздеген шақырымға жететінімен байланысты. Сілкініс алдында болашақ ошақтың аумағында қандай физикалық-химиялық өзгерістер болып жатыр – оны біз нақты білмейміз. Біз жер бетіне аспаптар қойып, соның көрсеткіштерін ғана талдаймыз, оның арасында бізге қажетті деректер бар ма, әлде жоқ па – белгісіз. Екіншіден, жердің ішкі құрылысы жайлы тек жалпылама мағлұматтар ғана белгілі. Болашақ жер сілкініс ошағының аумағында жердің құрылысы, құрамы, құрылысы қандай, бұл туралы да нақты деректер жоқ. Қазірде ең терең ұңғыманың тереңдігі 12 км, ол тек бір жерде ғана бұрғыланған. Міне, осы проблемалар толығымен шешілмей, жер сілкінісін алдын ала нақты болжау мүмкін емес.
– Кішігірім жер сілкіністері ірі зілзаланың алдын ала ма? Әлде бұл ірі апат келе жатқанының белгісі ме?
– Үздіксіз болып жатқан әлсіз сілкіністер (орташа есеппен жылына 200-300) сол аймақтың сейсмикалық белсенділігінің жоғары екендігін көрсетеді. Бұндай әлсіз жер сілкіністердің болуы ірі зілзаланың алдын алмайды.
Оқи отырыңыз: Жалға алған жеріңізді балаға мұра ете аласыз
– Болжамдар жасаған кезде қай елдердің сейсмологтарымен байланыстасыздар? Олардың ішінде ірі жер сілкінісі жиі болатын Жапония секілді елдер бар ма?
– ҚР ТЖМ "СБЗҒО" ЖШС ғалымдары Қазақстанмен ортақ аумақтық шекаралары бар Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Қытай сияқты көрші елдердің сейсмологтарымен ынтымақтасады. Сейсмологиялық деректер, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін алмасады, сондай-ақ тәжірибе алмасу бойынша ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізіледі.
– Жер сілкінісіне байланысты әлемдегі соңғы зерттеулер не дейді? Бұрын-соңды жария болмаған фактілер бар ма?
– Жер сілкінісін алдын ала болжау ғалымдардың табанды зерттеу жүргізу жұмыстарына қарамастан, әлем бойынша шешілмеген мәселе. Қазіргі таңда дамыған мемлекеттер сілкініс зардабы аз болу үшін ғимараттардың беріктігіне аса көп көңіл бөледі.
– Жер сілкінісі болғанда қалай әрекет ету қажет және қарапайым тұрғындар жіберетін қателер қандай?
– Сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақта орналасқан Алматы қаласында халықтың жер сілкінісіне дайындығын арттыру жарақат алу мен шығын қаупін барынша азайту үшін маңызды.
Оқи отырыңыз: Жер сілкінісінің ошағы Алматыға жақындап келеді. 130 жыл бұрынғы жойқын зілзала қайталана ма
Қауіпсіздіктің қандай дайындық шаралары бар?
1. Үйді дайындау
- Жиһаз бен жабдықты дұрыстау: шкаф, сөре, құрылғыларды және басқа да үлкен заттарды бекітіңіз. Ауыр заттарды төменгі сөрелерге қойыңыз.
- Қауіпсіз аймақтарды анықтау: үйде тығылатын орындарды табыңыз (мысалы, үстелдер астында, жүк көтергіш қабырғалардың жанында), бұл заттар құлаудан қорғайды.
- Жедел жәрдем жинағын жабдықтаңыз.
- Маңызды заттардан тұратын жедел жәрдем жинағын жасаңыз: су (3 күн бойы бір адамға күніне 3 литр), ұзақ мерзімді сақтау өнімдері, алғашқы көмек қобдишасы мен дәрі-дәрмектер, фонар, батареялар, радио, құжаттардың көшірмелері, ақша, жылы киім мен көрпе.
- Байланыстарды ажырату: электр қосқыштарының, газ клапандарының және су шүмектерінің қайда екенін біліңіз.
2. Білім беру және оқыту
Нұсқауларды оқыңыз:
- Жер сілкінісіне дейін, кезінде және одан кейінгі тәртіп ережелерін үйреніңіз.
- Отбасыңызды оқытыңыз: отбасылық төтенше жағдайлар бойынша жаттығуларды ұйымдастырыңыз.
- Жер сілкінісінен кейін барлық отбасы мүшелері үшін кездесу орнын белгілеңіз.
- Жаттығуларға қатысу: жұртшылықты жер сілкінісіне дайындық бойынша оқытуға бағытталған қалалық іс-шараларға қатысу.
3. Жер сілкінісі кезіндегі мінез-құлық
- Сабыр етіңіз: егер ғимарат ішінде болсаңыз, үрейленбеңіз немесе бірден сыртқа қарай жүгірмеңіз.
- Баспана табу: Мықты жиһаздың астына немесе жүк көтеретін қабырғаға отырыңыз. Терезелерден, айналардың және ілулі тұрған заттардан аулақ болыңыз.
- Көшеде: ғимараттардан, ағаштардан, электр желілерінен және көпірлерден алыс болыңыз.
- Көлікте: қауіпсіз жерде тоқтаңыз және діріл басылғанша көлікте болыңыз.
4. Жер сілкінісінен кейінгі әрекеттер
- Жағдайыңыздың қандай екенін біліңіз және басқаларға көмектесіңіз. Өзіңізге және сіздің жақындарыңызға зиян тигізбейтініне көз жеткізіңіз. Мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.
- Зиянды бағалау. Үйдің зақымдалуын тексеріңіз (жарықтар, газ иісі, судың ағуы).
- Хабарландыру қызметтері. Зақымданулар мен зардап шеккендер туралы жедел қызметтерге хабарлаңыз (телефон 112).
- Байланыста болыңыз. Ақпараттан хабардар болу үшін радио немесе мобильді құрылғыларды пайдаланыңыз.
5. Қоғамдық бастамаларға қатысу
- Жергілікті төтенше жағдайларды жою топтарына қосылу. Қала ұйымдастыратын төтенше жағдайларға дайындық бағдарламаларына қатысу.
- Тәуекелдер туралы хабарлау. Қауіпті ғимараттар немесе басқа ықтимал қауіпті объектілер туралы қалалық шенеуніктерге хабарлау.
6. Жеке жауапкершілік
- Алдын ала дайындалыңыз. Әрекет етуді кейінге қалдырмаңыз. Жер сілкінісі кез келген уақытта болуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Жер сілкінгенде үйде, көшеде және көлікте қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет