15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталады. Екпені кім тегін салдыра алады?
Тұмауға қарсы вакцинаның орташа құны 2,5-4 мың теңге аралығында. Ол тұмауды емдеу шығындарынан әлдеқайда арзан. Өйткені, науқасты емдеу құны келесі есепке ие:
- амбулаториялық жағдайда – 20 мың теңге;
- стационарлық жағдайда – 130 мың теңге.
- медицина қызметкерлері;
- медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар;
- жасы 6 айдан асқан әрі жиі ауыратын балалар;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері;
- қарттар мен мүгедектер үйін мекендеушілер;
- жүктіліктің екінші не үшінші триместріндегі жүкті әйелдер;
- жүрек-қан тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар.
Сонымен қатар, жұмыс беруші мен екпе салдырушының өз жеке қаражаты есебінен де вакцинациялау жүргізіледі.
Оқи отырыңыз: "Аурудан кейін шашым түсе бастады". Коронавирус салдарлары қандай және оларды қалай жеңуге болады?
Вакцина түрлері және оны алу жолдары
Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ұсынған ресми мәліметтерге сәйкес, тұмауға қарсы ақылы вакцинация:
- жекеменшік вакцинация орталықтарында;
- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бар емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі.
Тұмауға қарсы екпе Қазақстанға биылғы 29-31 тамыз аралығында келіп, 1-3 қыркүйекте өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына бөлінген.
Ресейлік Петровакс компаниясы шығарған "Гриппол плюс" вакцинасын биыл бірыңғай дистрибьютор сатып алып, өңірлерге жеткізді. Вакцина алдағы маусымда айналымда болатын штаммдарға қарсы егуге арналған. Бұдан басқа, Қазақстанда тағы 3 өндіруші бар:
- Франциялық Санофи-Пастер;
- Нидерландтар елінен Инфлювак ("Ваксигрип Тетра" вакцинасы);
- Қытайлық Синовак Биотек.
Оқи отырыңыз: Вакцинацияға қарсылардың саны 17 мыңға жуықтады. Бас тарту себептері қандай?
Мемлекеттік бюджет есебінен иммундауға жататын қауіпті топтағы адамдарды тұмауға қарсы вакцинациялау тіркелген емханада тегін жүргізіледі. Ал екпені ақылы негізде медициналық қызмет көрсететін емханаларда салдыруға болады.
"Тұмауға қарсы екпені жасы 6 айдан асқан балалардан бастап егуге болады. Екпені алардан бұрын дәрігердің тексеруінен өту қажет" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің Informburo.kz ресми сұраухатына жауабында.
Қарсы көрсеткіштер:
- Тауық ақуызына аллергия. Өйткені, ол вакцинаның құрамында өте аз мөлшерде болуы мүмкін.
- Бронх демікпесі, неврологиялық ауру және тері дерматитінің болуы. Созылмалы аурулардың өршуі кезінде аллергиялық реакция беруі ықтимал.
- Алдыңғы егуге төзбеушіліктің айқын жеке реакциясы.
- Вирустық, бактериялық ауру, "суық тию" кезеңінде және аурудан кейінгі 2 апта қалпына келу кезеңі.
Тұмауға қарсы вакцина тек тұмау вирусынан қорғайды
"ЖРВИ тудыратын 400-ден астам түрлі вирус айналымда болады және мұндай вирустарға қарсы вакциналарды жасау мүмкін емес және экономикалық тұрғыдан негізсіз. Бірақ, тұмауға қарсы вакцинация кейбір антигендердің ұқсастығына байланысты әртүрлі вирустық инфекциялардың ауыр ағымынан қорғайтынын және асқынулардың даму мүмкіндігін азайтатынын айта кету керек" делінген ресми жауапхатта.
Коронавирус жұқтырып, кейін емделіп жазылғандар екпені сауыққаннан соң 2 апта қалпына келгеннен кейін ғана дәрігердің рұқсатымен егіледі.