Прямой эфир Новости спорта

Диджитал дәуір. Цифрлы қоғамға қалай қадам басып келеміз?

Әлеуметтанушы Айсұлу Молдабек цифрлы қоғамның Қазақстанда қалыптасуы мен дамуын Сovid-19 пандемиясы жылдамдатты деп есептейді.

Адамзат дамуында түрлі қоғамдық формацияларды басынан кешірді: алғашқы құлиеленушілік, аграрлық-индустриалдық, постиндуриалдық және тағы да басқа қоғам дамуының сипттамамлары жетерлік. Заманаларды көнертіп, енді цифрлы (digitalera) дәуірге қадам бастық.

Осыдан он жыл бұрын Америка ғалымы Альвин Тоффлердің "Үшінші толқын", "Футурошок" кітаптарын оқығанда, "адамдардың жұмысы кеңселерден үйлерге ығысады, қалыпты тоғыздан алтыға дейінгі жұмыс кестесі бұзылады, икемді (flexible) жұмыс кестесі нормаға айналды" деген болжамдары ақпараттық, постиндустриалдық қоғамның дәл сипаттамалары болғанымен, бірақ ол біздің өмірімзге жаппай дәл осылай тез келеді деп ойламаған едім. Себебі, қазақ қоғамында индустриалдық қоғам әлі толық орнап бітпеген, постиндустриалды қоғам белгілері тек мегаполистерде ғана бар еді.

Оқи отырыңыз: Социогенограмма. Тектің адамның бүгінгі өміріне әсері туралы

Осы орайда, бұл қоғам түрлерінен аттап, цифрлы қоғамның Қазақстанда қалыптасуы мен дамуын Сovid-19 пандемиясы жылдамдатты. Кейбір асфальт, ауыз су бармаған ауылдарға интернет барды, дегенмен мұның бірі де бармағандары қаншама?! Бір ғана "42 500-дің" жыры біздің қаншалықты деңгейді цифрлы қоғам құра алғанымыздың бетпердесін ашып берді.

1983 жылдары жоғарыдағы кітаптар хит болғанда футуролог Альвин Тоффлерді Қытай басшысы Дэн Сяопин жеке қабылдап, оның болжамдарына тек қана сеніп қоймай, тәжірбиеге, экономиканы ұйымдастыруға енгізе бастаған көрінеді. Нәтижесінде, Alibaba, Lenovo, Baidu, Xaomі Қытайды жаңа өркениетке тезірек алып шықты.

Оқи отырыңыз: "Онлайннан – офлайнға". Желі қолданушыларын біріктіретін шаралар қажет

Сонымен, өткен ғасырдың 80-жылдары ғалым сипаттаған ақпараттық, постиндустриалдық қоғамда адамдардың қарым-қатынасында, экономикада не өзгереді. Ғалымның болжамдары мен бүгінгі өміріміздің айшықтарын сабақтастырып көрсек.

Ең алдымен, ақпараттық, технологиялық және әлеуметтік салалардағы өзгерістер әрбір адамның өміріне әсер етіп, жаңа өркениет, жаңа құндылықтар қалыптаса бастады. Мысалы, ғалымның "классикалық өндіріс, қызмет көрсету өзгереді. Өндіруші мен тұтынушының арасы жақындап, "procumer"=producer (өндіруші) + consumer (тұтынушы) қоғамда "просьюмерлер" үлесі артады" деген болжамы біздің бүгінгі онлайн өмірімізді сипаттайды. Белгілі бір тауарды онлайн таңдау, рәсімдеу, ақшасын төлеу өнім ұсынушының біршама қызметтерін жеңілдетеді. Сауда агентін, сатушы, кассир жалдаудың қажеті жоқ, мобильді жеткізу қызметі ұйымдастырылса болғаны.

Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасының белгілері қандай және оған қалай алданбауға болады?

Сонымен қатар, бүгінгі таңда жекелей адамдар белгілі бір тауардың өндіріс процесіне де, өзіндік жеке сұраныстарын жасау арқылы қатыса алады. Тұтынушыға бақытталған сервис тұтастай парадигмаға айналуда. Ал әлемдік ақпараттық нарықтағы Big Data-лардың қалыптасуына біздің әрбіріміз просьюмер екенімізді тіпті аңғармаймыз. Әлеуметтік желілер – бұл тек қана жаңа замнның байланыс құралы емес, "бұрқ-сарқ" қайнап жатқан қазан, қып-қызыл нарық. Мысалы Google, Facebook, WhatsApp, Instagram желілерін қолдану арқылы адамдар әлемдік нарыққа қажетті жұмыстардың негізгі бөліктерін құрайды: бізге не керек екендігін енгізіп, материалдық, рухани және өзге сұраныстардың тізімін береміз, пост жазамыз, хат жібереміз, одан әрі фото, селфи түсіреміз.

Әлем бойынша мұнша мәліметті "тегін" еңбек күші арқылы жинақтаған әлеуметтік желілер "делдал" қызметін оп-оңай атқарып, керегінше өнім өндірушіге сата алады. Мысалы, географиялық қозғалысыңызға байланысты әлеуметтік желілердің көрінетін жаңалық, ұсынылатын жарнама өзгеріп отырады. Тіпті, соңғы 5 жылдағы әрекеттеріңізді бағалап, келер жылдардағы өзіңіз білмейтін сұраныстардың тізімін жасап бере алады.

Осылайша, цифрлы қоғамда адамдар тек тұтынушы ғана емес, жартылай өндірушіге айналып, экономикалық өзіндік құны аз болғанымен тауар, нақты бір өніммен қатар ақпараттың құны бірдей болып отырғандығын көзіміз көріп отыр.

Оқи отырыңыз: Жалғыздық синдромы туралы

"Қоғам иерархиялық институттардың құрылымы емес, желілік ұйымдардың байланысынан тұратын болады. Алпауыт компаниялар мен корпорациялар түрлі мақсаты, қызметі бар ұйымдарға бөлшектенеді. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру өзгереді". Шынында да, индустриалды қоғамдағыдай барынша көп өнім өндіру маңызды емес, тұтынушы талғамына шақ, сұранысына сай көлемде, оған керек мезгілде, қажетті мекен-жайға жеткізетін өнімді өндіру маңызды. Жекеленген тапсырыстардың көлемінің артуын бір ғана Amazon-ның жылдық бюджетін қарап-ақ бағамдауға болатын шығар.

Цифрлы қоғам адамдардың оңашалануына, оқшаулануына жағдай жасайды. Мұндай қоғамды жалғыздық, жалғызбастылық қалыпты дүниеге айнала бастайды. Бір жағынан олардың жалғыз сезінбеуіне түрлі әлеуметтік желілер әсерін тигізеді. Дегенмен, индустриалды қоғам адамдарды барынша қалыпты жұмыс кестесіне байлап, отбасынан алшақтатса, цифрлы қоғам керісінше, отбасы мүшелерінің бір-біріне жақын болуына, географиялық қашықтықта да бірге болуына жағдай жасайды. Бұл бір жағынан отбасы мүшелерінің байырғы функцияларын міндеттейді.

Оқи отырыңыз: Қоғамдағы жасандылық пен демонстративтілік туралы

Цифрлы қоғамда өндірісті ұйымдастыру өзгеруде: ұсынылатын өнімнің сапасы мен бағасынан бөлек экологиялық тазалығы, адамның денсаулығына, қоршаған ортаға зияны және өзге өлшемдерге сай болуы басымдыққа ие.

Осы тұста Қазақстан өзінің аграрлық секторының мүмкіндіктерін технологиялық жаңа мүмкіндіктермен ұштастырып, тиімді тасымалмен қамтамасыз ете алатын болса экологиялық таза өнімдерді экспорттаушы Орталық Азиялық көшбасшы мемлекетке айналуына мүмкіндігі бар. Осылайша, жаңа өндіріс ошақтарын ашуда, агроөнімдерді өсіру, өңдеу барысында оның ішкі және сыртқы нарықтағы жеткізу тізбегін қоса ойластырған дұрыс.

Сонымен, цифрлы қоғам, адамдардың технологиялық және қаржылық сауатты, ақпараттық мәдениетінің жоғары болуын талап етеді. Қазірден бастап, мектептегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, цифрлы платформаларды, әлеуметтік желілердің пайдалану мен оның мәдениетін, жеке адамның, отбасының қаржылық жоспарын құруды үйрететін пәндер қажет. Бұл тек бүгінгі пандемия жағдайындағы қажеттілік қана емес, одан кейінгі де өмір салтымыз болғандықтан дайындықты бір минутқа да кейінге ысыруға болмайды.

Поделиться:

Новости партнеров