Прямой эфир Новости спорта

Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы қайта таралып жатыр

Былтыр құс тұмауынан еліміздің он облысында 1,5 миллион қаз бен үйрек, тауық қырылып қалған еді.

Былтыр бір миллионға жуық құс қырылып қалған Солтүстік Қазақстан облысында тағы да құс тұмауы таралып жатыр. Қазірдің өзінде жүзден артық үйректің құс тұмауынан арам өлгені анықталды, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Айыртау ауданындағы Саумалкөл ауылының маңындағы көлден жүзден артық үйрек пен шағалалардың өлексесі табылды. Құстардың өлексесін жергілікті тұрғындар Саумалкөл көлінің жағасынан тапқан. Зертханалық сараптама нәтижесінде жабайы құстардың құс тұмауын жұқтырғаны анықталып отыр. Бірақ, ауданға құс тұмауы қалай және қайдан тарап жатқаны әзірге білгісіз. Ал құстың өлекселері арнайы полигонға апарып өртелген.

"Әзірге үйдегі құстардың арасында құс тұмауы тіркелген жоқ. Қазір Саумалкөл және Красная Горка ауылындағы құстарға тұмауға қарсы вакцина егіп жатырмыз. Және жақын маңдағы ауылдардағы жағдайды тексере бастадық", – деді Солтүстік Қазақстан облысы ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары