Тікелей эфир

Жеке деректерді таратып алған zaimer.kz микроқаржы ұйымына айыппұл салынды

Бүгінгі таңда аталған фактіге қатысты министрлікке азаматтардан 5200-ден астам өтініш келіп түскен.

2024 жылғы 5 наурызда "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ zaimer.kz ("МҚҰ "Робокэш.кз" ЖШС) микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың 2 миллионнан астам жеке дерегінің таралуын анықтады. МТҚ Қазақстан азаматтарының арасынан "МФО Robokesh.kz" ЖШС клиенттерін анықтай отырып, таралған деректерге талдау жүргізді.    

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Egov Mobile мобильді қосымшасы арқылы азаматтарға, сондай-ақ Egov порталының жеке кабинетіне қылмыскерлердің жеке деректеріне қол жеткізудің ықтимал теріс салдарын болдырмау үшін тиісті хабарламалар мен ұсыныстар жіберді.

"Хабарландыру жүйесі пилоттық режимде іске қосылды, өйткені азаматтарды дербес деректердің сыртқа шығуы туралы хабардар ету құзыреті 2023 жылғы 11 желтоқсанда белгіленді және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген хабарламада. 

Бүгінгі таңда аталған фактіге қатысты министрлікке азаматтардан 5200-ден астам өтініш келіп түскен.


Оқи отырыңыз: 1 мамырдан бастап Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады


Министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, "Robokesh.kz" "МҚҰ" ЖШС-не Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік іс қозғалып, "МҚҰ Robokash.kz" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1000 АЕК мөлшерінде, жеңілдетілген тәртіпте, "МФО Robokash.kz" ЖШС әкімшілік айыппұл салынды, ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабының төртінші бөлігіне сәйкес 500 АЕК (1 846 000 теңге) көлемінде айыппұл төленді.

"Бұл ретте азаматтар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 951-бабына сәйкес дербес деректердің таралуынан келтірілген материалдық немесе моральдық зиянды өтеу туралы мәселені қарау үшін азаматтық сотқа жүгінуге құқылы. Сонымен қатар, Egov Mobile қосымшасында несие алуға уақытша шектеулер қызметін пайдалануды, сондай-ақ мына сілтеме бойынша Министрліктің веб-сайтында орналастырылған киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау бойынша ұсыныстармен танысуыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада. 

Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес деректерді жинау және өңдеу, егер ҚР заңдарында өзгеше көзделмесе, субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылады. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлғалар дербес деректерді қорғау бойынша қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары