Тікелей эфир

Шымкенттіктер Chia Tai Tianging Group қаржы пирамидасына 80 млн теңге салған

Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды.

Chia Tai Tianging Group қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі. 

2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған. Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды.

"ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге ​​жатпайды. Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз", – делінген хабарламада. 

Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына немесе көрсетілген нөмірлерге хабарласуға болады: 1458, 8(7252) 77-14-48, 8-701-900-96-32. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары