Сайлау учаскесіне балаларымен келген тұрғындарға сыйлықтар табысталды

Орал қаласындағы Островский атындағы драма театрда орналасқан №447 учаскеде сайлау күні ерекше көңіл-күймен басталды.

20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні мерекесіне орай сайлау учаскесіне балаларымен келген тұрғындарға, көбалалы аналарға сыйлықтар табысталды. Аталмыш сайлау учаскесінде 1285 адам тіркелген болса, оның жартысына жуығы түс ауғанша дауыс беріп үлгерген. Жалпы саны 12 байқаушы тіркелсе, 4-еуі тұрақты түрде дауыс беру процесін бақылап отырды. Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында 505 сайлау учаскесі жұмыс жасап жатыр.

"Бүгін біздің учаскеге балаларын ілестіре келген тұрғындар көп болды. Олардың арасында егіз балалар, көпбалалы ата-аналар – ақсы атқаруда", – деп мәлімдеді учаскедегі сайлау комиссиясының хатшысы Азиза Гусманова.

Сайлауға келіп, дауыс бергендер қатарында дәл осы 20 қараша күні 18 жасқа толған бозбала Асанәлі Мағзомов та болды. Ол алғаш рет өз елінің болашағы үшін таңдау жасағанына қуанышты.

"Менің бүгін туған күнім. Дәл осы күні дауыс беру мүмкіндігіне ие болдым. Біз жастар еліміздің ертеңі жарқын, тыныш болғанын қалаймыз", – дейді Асанәлі Мағзомов.

Сайлау учаскесінде 80 жастан асқан 54 адам бар болса, оларға алдын ала үйден дауыс беруге өтініш беру мүмкіндігі бары хабарланған. 34 адам денсаулық жағдайына және өзге де себептерге байланысты осындай өтініш негізінде өз құқықтарын пайдаланып, үйде отырып ел болашағы үшін таңдау жасауға үлес қосқан. 98 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Вениамен Скаленкоға аяқтай барған №447 сайлау учаскесінің өкілдері қарияға өз үйінде қызмет көрсетті. 

БҚО-да сайлаушылар тізімінде 2 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Соның ішінде 510 адам арбаға таңылған. 1282 дауыс берушінің көз жанарында ақау болса, 348 адамның есту қабілеті нашар. Осы азаматтардың сайлауға қатысуына барлық мүмкіндік қарастырылған. Комиссия құрамында 3 мыңнан астам адам қызмет атқаруда. Барлығы да кәсіби тұрғыда дайындық курстарынан өтіп, сертификат алған.

 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Серіктестер жаңалықтары