Тікелей эфир

Қазақстанда 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс

Қазақстанда интернетті қолдананатын халықтың үлесі дамыған елдер деңгейінде.

Қазақстан 5G технологиясын енгізу жалғасып жатыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты.

Республикада трафиктің өсуі 2020 жылға қарағанда 61,5%-ға, ал абоненттер саны 12,9%-ға өсті.

Speedtest Ookla-ның 2024 жылғы сәуірдегі деректер бойынша, еліміз интернеттің орташы жылдамдығы бойынша – 43,6 Мбит/с, әлем бойынша 66-орында. Бұл Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан жоғары көрсеткіш.

Қазақстанда 6 290 ауыл бар, оның ішінде сымды интернет арқылы оптика 2 606 ауылға жеткізілді. Ұлттық жоба шеңберінде МЖӘ тетігі арқылы 3010 ауылға оптикалық байланыс желілерін қосу көзделіп жатыр.

Мобайл интернет бүгінде 4 866 ауылда қолжетімді. Салық жеңілдіктері аясында 2023 жылы 1 161 ауыл 4G технологиясына қосылды. Қалған 1 424 ауыл бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Кселл және Теле2 операторлары Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында 5G байланыспен қамтуды кеңейту жұмыстарын жалғастырады. Бүгінгі таңда 20 қалада 1 144 базалық станса орнатылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс. 2027 жылдың соңына дейін ұялы байланыс операторлары телекоммуникация саласына 450 миллиард теңгеден астам инвестиция салады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары