Астана маңындағы 80 гектар аумаққа таралған өрт әлі сөндіріліп жатыр. Бұл туралы елорданың төтенше жағдай департаменті хабарлады.
"Өртті сөндіру басталғаннан бері авиация өрт ошақтарына 149 рет қатынап, көлемі 447 тонна су төкті. 20 маусым күні сағат 20:16-да Қарағанды және Ақмола облыстарының ТЖД күштері мен құралдары үйіне кетті", – делінген департамент таратқан хабарламада.
Оқи отырыңыз: Астанадағы өрт: 140 маман мен 21 техника жұмылдырылды
Қазір өртті 34 адам сегіз техникамен сөндіріп жатыр.
Қала әкімдігі волонтерлармен бірлесіп өрт сөндірушілерге тамақ беру жұмысын ұйымдастырды.
Айта кетейік, Астана маңында 19 маусымнан бері қураған шөп өртеніп жатыр. Қазір оның аумағы 80 гектарға жетті.
USD:
507.9 / 511.3
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.47 / 6.59