Тікелей эфир

"Мен сіздерді қолдаймын". Тоқаев оқушыларды роботты техника саласын меңгеруге шақырды

Президент мемлекет ұстаздардың мәртебесін одан әрі көтеруді жалғастыра беретінін айтты. 

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы №96 мектеп-гимназияны аралап, оқушылармен әңгімелесті.

"Роботты техника – перспективті сала. Мен сіздерді қолдаймын. Қазір әлем жасанды интеллектіге баса мән беріп отыр. Оның ішінде Қазақстан да бар. Бұл – өте маңызды бағыт. Жасанды интеллект келешекте әрбір салада пайдаланылады. Сондықтан Қазақстан осы істе озық ел болуы керек деп ойлаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар президент №96 мектеп-гимназияның педагогикалық ұжымымен жүздесіп, мемлекет ұстаздардың мәртебесін одан әрі көтеруді жалғастыра беретінін айтты. 

Бұдан бөлек, мемлекет басшысына елорданың білім беру жүйесі жайында баяндалды. Астана қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев биыл 16 мың оқушыға арналған 12 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отырғанын жеткізді. Бүгінге дейін 7 мектеп ашылған. Жыл соңына дейін тағы 5 жаңа мектеп іске қосылмақ. 

Сонымен қатар басқарма басшысы президенттің Астана қаласында педагогикалық жоғары оқу орнын ашу жөніндегі тапсырмасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары