Тікелей эфир

Алматыда алғашқы қар еріту пункті ашылды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Пункттің қуатылығы — тәулігіне 1 200 текше метрге дейін қарды ерітеді.

Алматыда қар еріту пункті ашылды. Онда экологиялық таза технологиямен қар ерітіліп, кәдеге жаратылады, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.

Жаңа пункт "Алматы Тазалық" мекемесінің көктайғаққа қарсы реагенттері сақталған бұрынғы базасында салынған. Қар еріту пункті соңғы жылдары қардың көп түсуіне және қаланың инфрақұрылымына жүктеменің артуына байланысты салынған.

"Қар еріту пунктінің жұмыс процесі қолданыстағы кәріз желісі арқылы келетін ағынды сулардың жылуын пайдалануға негізделген. Жылы су қысыммен сорғы қондырғылары және құбырлар жүйесінен өтіп, қарды ерітеді. Осыдан кейін еріген су сүзгіге түседі, құм мен қоқыстардан тазартылады. Кейін қалалық кәріз желісіне жіберіледі. Пункттің қуатылығы — тәулігіне 1200 текше метрге дейін қарды ерітеді", – делінген хабарламада.

Жалпы қар еріту пунктіне Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандарының аумақтарынан қар жеткізіледі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары