Тікелей эфир

Көпбалалы ана армандаған үйіне қол жеткізді

Фото informburo.kz
Фото informburo.kz
"Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысқан тағы бір отбасы Алматыда баспаналы болды.

Көп қабатты еңселі үйдің ауласында балалар алаңсыз ойнап жүр. Арасында Ақерке, Мирас, Диас және Әли де бар. Балаларына қуана көз тастап тұрған Жазира осы сәтті 12 жыл күткен еді.

Жазира мен Ардақ Әбжаппаровтар Ақсай 1 ықшам ауданынан 39 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтер алды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі дәл 1 маусым балалар күні мерекесінде кілтін табыстаған болатын. Жазираның айтуынша, бұл – отбасы үшін керемет сыйлық болды.


Балалар ойын алаңында

Балалар ойын алаңында / Фото informburo.kz


– Біз құжаттарымызды жинастырып, банкке тапсырған бір айдың ішінде пәтер қарастыруға рұқсат алдық. Сосын отбасымыздың табысына қарай ыңғайлы пәтер іздедік. Ең бастысы "Бақытты отбасы" бағдарламасымен ұсынылған пәтерлердің ішінен таңдау құқы берілді. Біз соған шексіз риза болдық, – дейді Жазира.


Әбжаппаровтар отбасы жаңа пәтерлеріне асыға аяқ басып келеді

Әбжаппаровтар отбасы жаңа пәтерлеріне асығып келеді / Фото informburo.kz


Алматы қаласында көпбалалы отбасылар үшін жалға пәтер табу қиын. Өйткені балалар шулап мазамызды алады деген сылтаумен үйдің қожайындары жолата бермейді. Олар аядай бір бөлмені 25 мың теңгеге жалға алып тұрған.


Балалар өздеріне тиесілі пәтердің есігін тезірек ашып, көруге асықты

Балалар өздеріне тиесілі пәтердің есігін тезірек ашып, көруге асықты / Фото informburo.kz


Жылдар бойы төзіп келген қиындық отбасы үшін енді артта. "Бақытты отбасы" бағдарламасымен қол жеткізген пәтер мектепке де, балабақшаға да жақын.


Балалар өз ауласында алаңсыз ойнайтын болды

Балалар өз ауласында алаңсыз ойнайтын болды / Фото informburo.kz


Ардақ пен Жазираның балалары жаңа үйге тезірек көшіп келер күнді асыға күтеді. Өздеріне тиесілі ойын алаңында армансыз ойнасақ дейді. Әзірге жөндеу жұмыстары бітпеген үйдің еденіне сурет салып жүр.


Әли мен Мирас еденге сурет салып жатыр

Әли мен Мирас еденге сурет салып жатыр / Фото informburo.kz



Әбжаппаровтардың үлкен қызы 12 жасар Ақерке отбасымен тезірек көшіп келуді армандайды

Әбжаппаровтардың үлкен қызы 12 жасар Ақерке отбасымен тезірек көшіп келуді армандайды / Фото informburo.kz



Кіші ұлы Әли қуаныштан жаңа пәтердің ішінде билеп жүр

Кіші ұлы Әли қуаныштан жаңа пәтердің ішінде билеп жүр / Фото informburo.kz



Әлжаппаровтар отбасы осы пәтерде талай армандарын жүзеге асыратынына сенімді

Әлжаппаровтар отбасы осы пәтерде талай армандарының орындалатынына сенімді / Фото informburo.kz


Жазираның мамандығы – әлеуметтанушы. Жары Ардақ жекеменшік компанияда жүргізуші болып жұмыс істейді. Сәуір айынан бері төрт балаға әлеуметтік көмек алады. Жаңа үйге қоныс аударған соң, Жазира екі кішкентайын балабақшаға орналастырып, мамандағына сай жұмыс шықпақшы.


"Бақытты отбасы" бағдарламасы Әлжаппаровтар отбасына жаңа бақыт сыйлады

"Бақытты отбасы" бағдарламасы Әлжаппаровтар отбасына жаңа бақыт сыйлады / Фото informburo.kz


"Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысу үшін өтініштер бір ай бойы http://www.baqytty-otbasy.kz порталында онлайн-режимінде қабылданды. Одан кейін, қала әкімдігі құжаттарды тексеріп, жеңілдетілген несиеге үміткерлер тізімін бекітеді. Төлем қабілеттілігін анықтау мақсатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жолдама береді.

Қазіргі сәтте тұрғын үй сертификатын 97 көпбалалы отбасы алды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 340 өтінішті қабылдады. Оның ішінде 232 отбасы өздеріне баспана тауып, құжаттарын рәсімдеп жатыр. Ал 79 отбасына 1,1 млрд теңге көлемінде несие берілді.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша займдар жаңа үйлерден пәтер сатып алуға беріледі. Несиенің ең жоғары сомасы – 15 млн теңге.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары