Тікелей эфир

31 қазанда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 465 адам тіркелді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 112 418-ге жетті.
31 қазан қорытындысы

Науқастар

112 418

Сауыққандар

106 400

Көз жұмғандар

1 825 (25 қазан)

Нұр-Сұлтан 14597 13891 318
Алматы 14756 14212 283
Шымкент 5240 5152 72
Ақмола облысы 3750 3386 77
Ақтөбе облысы 3321 3236 35
Алматы облысы 5156 4819 62
Атырау облысы 11299 11079 73
ШҚО 10050 8452 237
Жамбыл облысы 4188 4086 61
БҚО 7024 6839 117
Қарағанды облысы 10574 10127 280
Қостанай облысы 3641 3207 23
Қызылорда облысы 3262 3120 15
Маңғыстау облысы 3403 3280 45
Павлодар облысы 4271 4000 56
СҚО 4468 4162 25
Түркістан облысы 3418 3352 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 465 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
  • ШҚО – 252;
  • СҚО – 30.

Республика бойынша барлығы 112 418 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 106 400.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 852-ге жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 37 962 адам ауырып, 402 науқас көз жұмған (31 қазанда тіркелген науқас саны – 206, көз жұмғандар – 1).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 166 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 330 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 339 науқас жатыр. 1 827 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 154 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан әлсіреген иммунитетті қандай дәрумендер мен минералдар жақсартады? Дәрігер кеңесі


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары