Тікелей эфир

26 қазанда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 142 адам тіркелді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 110 684-ке жетті.
26 қазан қорытындысы

Науқастар

110 684

Сауыққандар

105 766

Көз жұмғандар

1 796 (18 қазан)

Нұр-Сұлтан 14453 13723 318
Алматы 14672 14188 279
Шымкент 5226 5129 72
Ақмола облысы 3646 3352 77
Ақтөбе облысы 3287 3226 35
Алматы облысы 5094 4813 62
Атырау облысы 11262 11034 71
ШҚО 9197 8385 219
Жамбыл облысы 4175 4078 61
БҚО 6975 6800 113
Қарағанды облысы 10510 10027 280
Қостанай облысы 3594 3174 22
Қызылорда облысы 3252 3120 15
Маңғыстау облысы 3388 3280 45
Павлодар облысы 4170 3965 56
СҚО 4375 4125 25
Түркістан облысы 3408 3347 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 142 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
  • ШҚО – 30;
  • Нұр-Сұлтан – 20.

Республика бойынша барлығы 110 684 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 105 766.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 830-ға жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 36 931 адам ауырып, 395 науқас көз жұмған (26 қазанда тіркелген науқас саны – 10, көз жұмғандар – 1).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 088 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 248 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 333 науқас жатыр. 755 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 115 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Ел халқының 15 пайызы – қауіп тобында. Қараша-желтоқсанда коронавирус қаупі күшейеді


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары