Тікелей эфир

24 қарашада Қазақстанда коронавирус жұқтырған 720 адам тіркелді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 127 580-ге жетті.
24 қараша қорытындысы

Науқастар

127 580

Сауыққандар

114 347

Көз жұмғандар

1 945 (18 қараша)

Нұр-Сұлтан 15685 14835 323
Алматы 15725 14740 314
Шымкент 5334 5160 76
Ақмола облысы 4761 4194 83
Ақтөбе облысы 3462 3312 37
Алматы облысы 5575 4918 65
Атырау облысы 11557 11286 79
ШҚО 15577 10432 273
Жамбыл облысы 4352 4180 61
БҚО 7834 7130 130
Қарағанды облысы 10990 10552 283
Қостанай облысы 4912 3639 25
Қызылорда облысы 3286 3248 15
Маңғыстау облысы 3428 3286 50
Павлодар облысы 5800 4668 60
СҚО 5836 5389 25
Түркістан облысы 3466 3378 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 720 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
  • ШҚО – 160;
  • Павлодар облысы – 112;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 112.

Республика бойынша барлығы 127 580 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 114 347.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 2 001-ге жетті (24 қарашада тіркелгендер саны – 5).

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен адам ауырып, 432 науқас көз жұмған (24 қарашада тіркелген науқас саны – 204, көз жұмғандардар – 4).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 232 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 672 бала бар. Стационарларда 3 200 науқас жатыр. 8 032 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 203 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан әлсіреген иммунитетті қандай дәрумендер мен минералдар жақсартады? Дәрігер кеңесі


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары