11 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 789 адам тіркелді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды

Covid-19 жұқтырғандар саны 140 784-ке жетті.


11 желтоқсан қорытындысы

Науқастар

140 784

Сауыққандар

124 729

Көз жұмғандар

2 088 (6 желтоқсан)

Нұр-Сұлтан 16979 15750 340
Алматы 16898 15210 341
Шымкент 5431 5254 78
Ақмола облысы 6064 4915 89
Ақтөбе облысы 3560 3440 37
Алматы облысы 6117 5505 74
Атырау облысы 11999 11480 86
ШҚО 17655 12410 302
Жамбыл облысы 4646 4321 61
БҚО 8485 7556 144
Қарағанды облысы 11417 10812 286
Қостанай облысы 6248 5429 29
Қызылорда облысы 3311 3276 15
Маңғыстау облысы 3486 3387 54
Павлодар облысы 7581 5902 66
СҚО 7374 6656 40
Түркістан облысы 3533 3426 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 789 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
  • Нұр-Сұлтан – 99;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 98.

Республика бойынша барлығы 140 784 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 124 729.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 2 129-ға жетті (11 желтоқсанда тіркелгендер саны – 8).

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 43 773 адам ауырып, 463 науқас көз жұмған (11 желтоқсанда тіркелген науқас саны – 138, көз жұмғандардар – 1).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 926 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 041 бала бар. Стационарларда 3 999 науқас жатыр. 9 927 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 225 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 36 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 43 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан әлсіреген иммунитетті қандай дәрумендер мен минералдар жақсартады? Дәрігер кеңесі


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Оқи отырыңыз