Ресей президенті Владимир Путин Федералдық жиналысқа жолдауында елде жаңа әлеуметтік төлемдер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мектеп жасындағы балалары бар отбасыларға тағы бір жолғы төлем – оқушылардың бәріне 10 мың рубльден беруді ұсынамынмын. Бұл әлеуметтік шара биыл бірінші сыныпқа баратын оқушыларды да қамтысын. Ата-аналар балаларын мектепке дайындауға уақыт табуы үшін төлем тамыздың ортасында аударылады", – деді Ресей президенті Владимир Путин.


Оқи отырыңыз: Дүниеге келген нәрестеге берілетін көмектер


Ол толық емес, ата-аналары ажырасқан және олардың біреуі алимент алуға құқығы бар отбасыларда өсіп жатқан балаларды қолдау қажет екенін айтты. 8-ден 16 жасқа дейінгі толық емес отбасы балаларына айына 5 650 рубль төленеді.

Владимир Путин қиын жағдайға тап болған жүкті әйелдерге айына 6 350 рубль төлеуді ұсынды. Ал жеті жасқа дейінгі балаға күтім жасау үшін еңбекке жарамсыз болған кезде табыстың 100%-ы толық төленеді.