"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Алматы қалалық филиалының жаңа директоры болып Айбол Бидайбеков тағайындалды, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі. Ол бұған дейін мекеменің Қарағанды облыстық филиалын басқарған.

Замир Сағынов Алматы филиалының жаңа басшысы Айбол Бидайбековты ұжымға таныстырды

Жаңа басшыны ұжымға "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК бас директоры Замир Сағынов таныстырды. Ол бұл қызметте басты мақсат – жол сапасын жақсарту және адал еңбек ету екенін ескертіп, филиалдың жаңа басшысына жауапты міндет жүктеді.

Айбол Бидайбеков 1964 жылы Қарағанды облысы Ағадыр ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Автомобиль жолдары институтында білім алған. Еңбек жолын 1991 жылы туған жерінде бастаған. Әр жылдары "Жезқазған жолдары", "Казахавтодор", "Қазавтожол" мекемелерінде лауазымды қызметтер атқарған.