Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Ізбасаров қамауға алынды. Ол Бұл туралы Антикор хабарлады. 

"Иә, біз оның сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын растаймыз. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды", – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Бауыржан Ізбасаров бұл қызметті 2022 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.