Қазақстандықтар биыл сатып алып жатқан жаңа автокөліктер арасында Hyundai маркалы көліктер, оның ішінде Tucson моделі ең өтімді. Одан кейінгі орындарды Kia мен Chevrolet автомобильдері бөліскен, деп хабарлады Kolesa.kz. Биылғы жаңа көліктердің 30 пайызы Алматы қаласында өз иесін тапқан.  

Биылғы жеті айда ең көп сатылған көліктер рейтингі бойынша, ең көп сатып алу шарты Алматы, Астана, Шымкент қалалары және Қарағанды мен Қостанай облыстарында жасалған:  

  • Алматы: 28 272 көлік. 

Танымал бренд модельдері: Hyundai Tucson, Kia Sportage, Chevrolet Cobalt.

  • Астана: 21 244 көлік.

Танымал бренд модельдері: Hyundai Tucson, Chevrolet Cobalt, Kia Sportage. 

  • Шымкент: 11 330 көлік. 

Танымал бренд модельдері: Hyundai Tucson, Chevrolet Cobalt, Kia Sportage. 

  • Қарағанды: 5151 көлік. 

Танымал бренд модельдері: Hyundai Tucson, Chevrolet Cobalt, JAC J7. 

  • Қостанай: 4675 көлік. 

Танымал бренд модельдері: Hyundai Tucson, JAC J7, Kia Sportage. 


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар қандай көліктерді көп сатып алады?