Жазушы, қоғам қайраткері Кәмел Жүністегі дүниеден өтті. Мұны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі растады.

"Кәмел аға – кемел аға еді. Бақұл болыңыз", – деп жазды ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі. 
Кәмел Жүністегі

Жазушы Кәмел Жүністегі 1939 жылы 27 қаңтарда Шет өңірінде, Ақсу-Аюлы ауылында өмірге келген.

Кәмел Жүністегі Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, "Құрмет" орденінің иегері, ҚР мәдениет қайратекері, Сәкен Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері.

"Дос көңілі", "Көне хикая", "Көксеу", "Көксеңгірдің тасында", "Соңғы Абыз", "Ұлы пайғамбар және ұрпақтары", "Шырағдан", "Қоңыр Құлжа", "Мөрші", "Арманым оттан өрілген", "Едіге", орыс тілінде "Вожак", "Адам, қайда барасың?" кітаптарының, "Құба белдер" трилогиясының, "Тар заман" спектаклінің авторы.