Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы Жамбыл облысының Айша бибі ауылында қыздарға арналған медресе-колледжі салынып бастағанын хабарлады.

Тараз қаласына арнайы сапармен барған бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің жаңа ғимараты болып бой көтергелі отырған медресенің қазығын қақты.

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің айтуынша, бұл жерден қыздар медресе-колледжі ашылады. Аталған жерді медресе үшін алу оңайға соқпаған. Алайда облыс әкімінің қолдауы және дін қызметкерлерінің табанды еңбегінің нәтижесінде аталған жер телімі діни білім ордасын тұрғызуға берілген.


Оқи отырыңыз: ҚМДБ 2022 жылғы діни күндер кестесін бекітті


Медресенің ескі ғимараты