Франциядағы 76-халықаралық Канн кинофестивалінде қазақстандық павильон ашылды. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады. 

Ресми түрде өтетін павильонның тұсаукесеріне мәдениет комитеті кинемотаграфия бөлімінің басшысы Ғани Мұратов, қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, халық әртісі Айман Мұсаходжаева және Канн сыйлығының лауреаты, актриса Самал Еслямова қатысады.

Қазақстандық кинопавильон киіз үй іспеттес құрылған. Онда еліміздің мәдениетін танытатын бұйымдар орналасқан. Сондай-ақ, киноленталар мен жолақтарда отандық фильмдердің үздік кадрлары бейнеленген.

 "Биыл кинопавильон ерекше безендірілді. Қазақылықтың иісі аңқып тұр десек болады. 20-дан астам елдің киноиндустрия өкілі қатысып жатқан фестивальде 200-ден астам кинопродюсер бақ сынайды. Халықаралық фестиваль қатысушыларға үлкен мүмкіндік береді" - деді мәдениет және спорт министрлігі комитетінің бөлім басшысы Ғани Мұратов.