"Ұлы дала жорығы" биыл халықаралық деңгейге шығады
Жорыққа Моңғолия командасы моңғол жылқысымен қатысуға ниет білдірді.Дәстүрлі "Ұлы дала жорығы" додасына биыл Моңғолия командасы қатысып, шара халықаралық деңгейге ауысады. Бұл туралы Joryq ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбек хабарлады.
Моңғолияның Қазақстандағы елшісі Дорж Баярхуумен кездескен ол Моңғолияның биыл моңғол жылқысымен "Ұлы дала жорығына" қатысуға ниет етіп отырғанын сүйіншіледі.
Биыл күзде "Ұлы дала жорығы" марафоны V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтеді.
2023 жылы бәйгеге қатысушылар Астанадан Түркістанға дейін 1300 шақырым жолды жүріп өткен болатын. Бұл қашықтықты марафон жеңімпазы – Жетісу облысының командасы 93 сағат, 47 минут, 43 секундта бағындырып, сыйақысы 18 миллион теңге болатын бас жүлдені жеңіп алды.
Оқи отырыңыз: "Ұлы дала жорығы": Астана шабандозы рекорд жасады