ҰҚК өкілі: Самат Әбіш те тергеу орбитасында
Асқар Әмірхановтың ойынша, Самат Әбіш Қазақстанда болуы керек.ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірхановтың сөзінше, комитеттің бқрынғы төраға орынбасары Самат Әбішке де қатысты қылмыстық тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы ол мәжілістің кулуарында айтты.
"Самат Әбіш те тергеу орбитасында. Ол жауап беріп жатыр, бірақ, оның статусын білмеймін. Ол Қазақстанда. Мен оны көрмедім. Біраұ, тергеу жүріп жатқандықтан, ол Қазақстанда болуы керек деп ойлаймын", – деді Асқар Әмірханов.
Самат Әбіштің ұсталғаны туралы алыпқашпа әңгіме 2022 жылғы қаңтарда тараған болатын. Алайда ҰҚК бұл ақпаратты жоққа шығарды. 17 қаңтарда Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Оқи отырыңыз: Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды