Су тасқыны: Республикалық маңызы бар 7 жолда қозғалыс шектелді
Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолдарында (ұзындығы – 679 км) қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі.
"2024 жылғы 8 сәуірдегі сағат 7.00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3206 метр болатын су тасқыны орын алды. 7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолдарында (ұзындығы – 679 км) қозғалысқа шектеу қойылды", – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 305 бірлік техника мен 357 адам жұмылдырылған.