Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының шешімімен Қайрат Сатыбалдыұлы мен Қайрат Боранбаевты ұстау мерзімі тағы бір айға созылды.

"2022 жылдың 8 маусымында Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", – делінген сот хабарламасында. 

Мұнымен қатар, ведомство Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының бір ай мерзімі ұзартылғанын хабарлады.  


Оқи отырыңыз: Қайрат Сатыбалдыұлы 2 айға қамалды 


Бұдан өзге 7 маусым күні сот күдікті Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 1 айға созған.