ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин әзірленген жаңа заң жобасы бойынша алаяқ құрылыс компанияларымен қалай күрес жүргізілетінін түсіндірді. 

"Лицензиаттардың бірыңғай цифрлық тізілімін енгізу барлық берілген рұқсаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне ревизия жүргізуге, нарықты жауапкершіліксіз компаниялардан тазартуға мүмкіндік береді. Тізілімде нақты субъект, тәжірибе, біліктілік, материалдық ресурстар, салалық сарапшылар және т.б. туралы мәліметтер болады. Бұл құрылыс нарығында субъектілердің салауатты бәсекелестігін қамтамасыз етуге және сарапшылардың құзыретін арттыруға мүмкіндік береді", – деді Тимур Қарағойшын. 

Құжатты әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе зерттеліп, саланың кәсіби қоғамдастығымен талқылаулар жүргізілген. Мұнымен қатар ол жергілікті нарық субъектілерінің қызметіне талдау жүргізілу нәтижесінде келесі мынадай басым бағыттар анықталғанын айтты: 

  • бұл заңға тәуелді реттеулерді қысқарту;
  • реттеушілік басымдықтарды анықтау;
  • ашық бақылау механизмі;
  • құрылыс нормативтерінің халықаралық стандарттармен ара-қатынасы;
  • процестерді автоматтандыру мен адами факторды барынша азайту.

Оқи отырыңыз: Үлескерлік құрылыс арқылы үй алғанда нені ескеру керек? Алаяқтарға алданбау жолын түсіндіреміз


Сондай-ақ ол мемлекеттік бақылаудың күшейетінін атап өтті. 

"Біріншіден, Еуропалық Одақ елдерінің тәжірибесі бойынша мамандарды сертификаттауды жүргізе отырып бірыңғай цифрлық тізілім енгізу. Екіншіден, шұғыл әрекет жасау шарасы енгізілуде – бұл бақылаудың жаңа нысаны. Мұнда құрылыс алаңында мүмкін болатын бұзушылықтарды анықтаймыз және алдын алуға шұғыл әрекет жасау іс-шараларын қолданамыз. Үшіншіден, "Жоспарлы инспекциялау" механизмін енгізу және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және төтенше жағдайлар органдары объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысады. Төртіншіден, барлық берілген рұқсаттарға ревизия жүргізіледі", – деді Тимур Қарағойшин.