Қонаев, Құдайбердіұлы және Алтынсарин: Абай облысындағы екі ауылда көше атаулары өзгереді
2023 жылғы 28 наурыздағы Абай облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысына сәйкес осындай шешім қабылданған.Абай облысы Бесқарағай ауданы Малая-Владимировка ауылдық округінің Малая-Владимировка және Бозтал ауылындағы бірнеше көшенің атауы қазақшаланады.
Округ әкімінің шешімі Ашық НҚА порталында жарияланды. Құжат 2023 жылдың 25 тамызына дейін қоғам талқылауында болады.
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, 2023 жылғы 28 наурыздағы Абай облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде және М-Владимировка ауылы және Бозтал ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып шештім", – деп жазылған құжатта.
Оқи отырыңыз: Абай Құнанбайұлы шай ішкен самаурын Ұлттық музейге табысталды
Малая-Владимировка ауылдық округінің Малая-Владимировка және Бозтал ауылының келесі көшелерінің атауы өзгереді:
- Малая-Владимировка ауылының "Ленин" көшесі "Шәкәрім Құдайбердіұлы" көшесіне;
- Малая-Владимировка ауылының "Крупская" көшесі "Әлия Молдағұлова" көшесіне;
- Малая-Владимировка ауылының "Киров" көшесі "Аманат" көшесіне;
- Малая-Владимировка ауылының "Калинин" көшесі "Достық" көшесіне;
- Малая-Владимировка ауылының "1Май" көшесі "Ақсу" көшесіне;
- Бозтал ауылының "Ленин" көшесі "Дінмұхамед Қонаев" көшесіне;
- Бозтал ауылының "Атау жоқ" көшесі "Атамұра" көшесіне;
- Бозтал ауылының "Атау жоқ" көшесі "Ыбырай Алтынсарин" көшесіне;
- Бозтал ауылының "Атау жоқ" көшесі "Бауыржан Момышұлы" көшесіне;
- Бозтал ауылының "Атау жоқ" көшесі "Мәншүк Мәметова" көшесіне;
- Бозтал ауылының "Атау жоқ" көшесі "Роза Бағланова" көшесіне.
"Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын. Шешім ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", – деді округ әкімі С. Асылханова.