Қазақстандықтар eGov.kz порталында өз құжатына өзгеріс енгізе алады
Аталған қызметті Электрондық үкімет порталының "Азаматтарға" – "Отбасы" бөлімінен табуға болады.Енді қазақстандықтар eGov.kz "Электроннық үкімет" порталында туу туралы куәлікке, аты-жөнін өзгертуге, неке қию және ажырасу, бала асырап алу мен қайтыс болу туралы актілік жазбаларға өздері өзгеріс енгізе алады.
Ол үшін "Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" қызметіне өзгерістер жасау және құжаттарды қайта шығару негіздемелерін көрсетіп, растайтын құжаттармен қоса өтінім беру керек.
Қандай жағдайларда құжаттарға өзгеріс енгізуге болады:
- тегін және атын, әкесінің атын өзгерткенде;
- әке болу туралы сот шешімінің күші жойылғанда;
- некеде тұрмаған ананың туу туралы актілерді тіркеу кітабына баланың әкесі туралы мәліметтер енгізу жөніндегі өтінішке;
- егер азаматтық хал актісін тіркеу кезінде қателер (бұрмалаулар, мәліметтерді немесе жекелеген сөздерді тастап кету) жіберілген болса;
- азаматтық хал актілері жазбаларындағы қателер сот тәртібімен анықталғанда;
- некені бұзуға немесе некені жарамсыз деп тануға байланысты ерінің (зайыбының) тегі өзгертілгенде;
- ұл (қыз) асырап алудың күшін жою немесе оның күші жоқ деп тану, сондай-ақ некенің күші жоқ деп тану туралы сот шешіміне байланысты;
- ұлты өзгерген жағдайда;
- ата-ананың арасындағы некенің тоқтатылуына немесе некенің жарамсыз деп танылуына байланысты кәмелетке толмаған баланың тегін өзгерткенде және т.б.
(Толық тізіммен Ережеде танысуға болады).
"Біраз қазақстандық eGov.kz порталында актілік жазбаларға өз бетінше өзгеріс енгізуге болатынын біле бермейді. Мұнда Сіз туу туралы, неке қию туралы және некені бұзу туралы куәліктер секілді құжаттарға енгізілген өзгерістерді қоса алып, оларды қайта шығаруға өтініш бересіз. Мәселен, егер бұрын адамның тегін өзгерту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек болса, қазір оны электронды түрде жасауға болады және ол үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ", – деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
Аталған қызметті Электрондық үкімет порталының "Азаматтарға" – "Отбасы" бөлімінен табуға болады.
Оқи отырыңыз: "Электронды үкіметтің" дамуы бойынша Қазақстан Ресейден 7 саты алда келеді
Азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге өтініш беру үшін:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
- қызметтін түрін таңдаңыз;
- куәлік беретін ХҚКО филиалын таңдау;
- отбасы жағдайы мен табыс көзін көрсетіңіз;
- актілік жазбаның нөмірі мен тіркелген күнін көрсету, оған өзгерістер енгізу қажет;
- акт жазбасы үшін қандай өзгерістер, түзетулер, толықтырулар қажеттігін көрсету керек;
- өзгерістер енгізу үшін растайтын құжатты тіркеу қажет;
- төлем жасау керек;
- өтінішке қол қою қажет.
Қызмет нәтижесі eGov.kz порталының мәртебе парағында және жеке кабинетінде хабарлама түрінде пайда болады. Дайын құжатты өтінімде көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталығынан алу қажет.