Қазақстанда ғалымдар енді суперкомпьютерді жалға ала алады
Осыған байланысты Қаржы министрлігінің алдына ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын жалға алу рәсімін жеңілдету міндеті қойылды.Премьер-Министр үкімет отырысында жасанды интеллект құралдарын қолдану көптеген күнделікті міндеттерді автоматтандыруға мүмкіндік беретінін баса айтты. Дәлірек, бірқатар өндірістік процестер, денсаулық сақтау саласындағы тәуекелдерді және төтенше жағдай болжамдарын есептеп, әртүрлі қауіптер мен кибершабуылдарды анықтай алады.
Жасанды интеллектіні енгізуге арналған экономиканың басым секторлары айқындалды. Олардың қатарында мемлекеттік басқару, мұнай-газ, тау-кен өндіру, энергетика, көлік, логистика, сумен жабдықтау және ауыл шаруашылығы салаларындағы табиғи монополия субъектілері бар.
Бұдан бөлек, Ғылым және жоғары білім министрлігі мәдени және тілдік мұраны дамыту үшін заманауи үлкен тіл моделін (LLM) құру бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда бірнеше білім беру ұйымынан – Ақпараттық және есептеу технологиялары институтынан, Сәтбаев университетінен, Назарбаев университетінен, Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ҰҒПО, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтынан және ҚазҰУ-дан консорциум құрылды. Мамандар шамамен 6 млрд сөз қолданысын жинады, жиынтықты шешімдер арқылы суперкомпьютерді қолдана отырып, LLM моделі үйретіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ғалымдарға арналған 7 сыйлық пен 75 стипендия тағайындалады
"2029 жылға қарай жасанды интеллектіні қолданып жасалған өнімдер саны 5 есеге өсуі тиіс. Осыған сәйкес, білім беру бағдарламаларының немесе жасанды интеллект бойынша пәндердің үлесі артуы керек. Бізге осы саладағы білікті мамандар қажет. Бұл ретте отандық компаниялардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін барынша ескеру маңызды, бұл тұтастай экономикаға мультипликативтік әсер береді", – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы Цифрлық даму министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, тұжырымдамадағы іс-шараларды жүзеге асыруға кірісуді тапсырды. Суперкомпьютердің есептеу қуатын бизнес пен ғылыми ортада пайдалану мүмкіндігін қарастыру өте маңызды. Осыған байланысты Қаржы министрлігінің алдына ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын жалға алу рәсімін жеңілдету міндеті қойылды.
Оқи отырыңыз: Жас ғалымдарға тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несие берілмек
Ғылым министрлігіне жыл соңына дейін KazLLM үшін деректер жинауды аяқтау тапсырылды – бірінші үлкен тілдік моделді сынақтан өткізу ІІІ тоқсанда жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар Олжас Бектенов Әділет министрлігіне жасанды интеллектіні қолдану саласын реттеу үшін заңнамалық базаны жетілдіру жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.